Шығыс Қазақстанда бірнеше үйір жылқыны ұрлаған барымташылар қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда бірнеше үйір жылқыны ұрлаған барымташылар қолға түсті

14.02.2022

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 13 бас жылқыны ұрлаған күдікті қолға түсті. Оған қоса тағы үш ер адам қамауға алынды. Олар 24 бас жылқыны қолды қылған. Ұрылар малды жайылымнан айдап әкетіп, түгелдей сойып, базарға саудалап жіберген.

Тексеру кезінде далаға жасырған малдың терісі мен сирақтары табылды. Жылқы иелеріне барымташылар 11 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Бұл қылмыс үшін енді әрқайсы 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу