Айта кететін бір жаңалық - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов отставкаға кететінін тура айтпаса да, жас лидерлерге жол беретінін мәлімдеген, бұл елдің Орталық сайлау комиссиясы 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін хабарлап үлгерді. Бердімұхамедов билікті ұлы Сердар Бердімұхамедовке беретіні айтылады. Ол былтыр президенттік сайлауға түсе алатын жас - қырыққа толды. Қазір үкімет басшысының орынбасары.