«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ реформалау 10 күннен соң талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ реформалау 10 күннен соң талқыланады

13.02.2022

Тағы бір жаңалық - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ реформалау 10 күннен соң детальді талқыланады. Түсініксіз коммисиялар, делдал компаниялар туралы да айтыла бастады. Мысалы, «Алтын орда» базары. 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елдімекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарды тексеруді және тәртіп орнатуды тапсырды. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған. Қажет болса, құқық қорғау органдары атсалыссын, екі ай уақыт беремін, деді. Артынша осы нарықтың шын қожайыны саналатын Б.Назарбаевтың қоры «Қазақстан халқына» қорына миллиард теңге аударғаны туралы ақпарат тарады. Жалпы, «Алтын орда» деген базар ешқандай заң жүрмейтін, ешкім ешнәрсе айта алмайтын бизнес көздерінің көзге көрінетін «кішкентай» бөлшегі. 

Хабарламаларға жазылу