Тау шаңғысы. Захар Кучин гигант слаломда іріктеуден өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тау шаңғысы. Захар Кучин гигант слаломда іріктеуден өте алмады

13.02.2022
Тау шаңғысы. Захар Кучин  гигант слаломда іріктеуден өте алмады

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысының гигант слалом бойынша алғашқы іріктеу кезеңдері аяқталды.

Бұл сында жарыс жолына шыққан қазақстандық спортшы Захар Кучин жылдам құлдилау сәтінде қателікке жол беріп, алғашқы Олимпиадасын сәтсіз бастады.

87 қатысушының 54-і келесі айналымда бақ сынайды. Бұл жарыста швейцариялық Марко Одерматт көш бастады.

Енді Захар Кучин 16 ақпан күні тау шаңғысының слалом түрінен сайысқа түседі.

Хабарламаларға жазылу