Бүгінде елімізде әлеуметтік бағытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы цифрланған. Жыл басында электронды қызметке көпбалалы аналдардың небәрі 1 пайызы жүгінсе , бүгінде бұл көрсеткіш 41 пайызға өскен. Сондай-ақ, былтыр дүниеге келген сәбилердің құжаттарына қатысты мәліметтерді аналардың 50 пайыздан астамы СМС арқылы алған. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты. Вице министр «әлеуметтік әмиян» атты жаңа жобаның бірінші кезеңі жайында айтты. Оған Нұр-Сұлтан, Павлодар мен Ақмола облысының Ақкөл ауданы қатысады.
Ербол Оспанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Осы қызметтердің түрін 100 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Оның ішінде алпыс пайызын тек қана практивті түрде көрсетуді көздейміз. Егер жылдың нәтижесі бойынша 700 мыңнан аса азамат практивті түрде алған болса 25 жылға дейін 6 млн жеткізу көзделіп отыр.