Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң наурызда күшіне енеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң наурызда күшіне енеді

11.02.2022

 2 наурыздан бастап жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енеді. Жаңа заңға сәйкес, жануарларды қорлаған, қадігездікпен түсірілген фото-видеоларды кез келген бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялауға тиым салынады. Жағдайды баяндау мақсатында ақапарат таратылса, бейне жазбадағы жануардың бетін бүркемелеу керек.

Қоғамға зияны бар иесіз жануарларды ату, аулау тәртібі де қайта қаралады. Енді оларды мемлекеттік бюджет есебінен залалсыздандыру қолға алынбақ. Ал 2023 жылдан бастап үйінде жануар асырайтын азаматтар оны тіркеуге тұрғызуға міндетті.

Әлия Шалабекова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі: 
Тіркеуге тұрғызу шығыны иелерінің өз қалтасынан төленеді. Тек әлеуметтің әлсіз тобына жататындар үшін мемлекет қаржы бөледі. Сондай-ақ, заң бойынша иттерді өз бетімен серуенге шығаруға да тыйым салынады.


Хабарламаларға жазылу