Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 млн долларға артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 млн долларға артады

11.02.2022

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 5 млрд долларға дейін ұлғаяды. Қазір екі елдің арасында 3 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын бар. Алдағы уақытта ынтымақтастық артады. Үкімет басшысы Әлихан Смайлов Өзбекстанға барып, ел президенті Шавкат Мизеевпен кездесті. Сапар қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасына қол қойылды.

Сондай-ақ, көкөніс өнімдері мен картопты сатып алуға шекті келісімшарт жасасты. Екі елдің іскер топтарының өкілдері машина жасау, логистика салаларында жалпы сомасы 661 млн долларға жететін бірқатар коммерциялық келісімге уағдаласты.


Хабарламаларға жазылу