Алматы облысында дүниеге үшем әкелген ана перзентханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында дүниеге үшем әкелген ана перзентханадан шықты

11.02.2022

Алматы облысында дүниеге үшем әкелген ана перзентханадан шықты. Сәбилердің екеуі - қыз, біреуі - ұл бала. Үшемнің анасы 29 жастағы Гүнчигүл Мұхамет пен жолдасы Фархат 4 жылдан бері балалы болуды армандаған. Мемлекеттің «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында отбасы үш бірдей перзент сүйіп отыр. Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Перзентханада дәрігерлер ананы екі апта бойы бақылауда ұстаған. Қазір үшемнің де, анасының да жағдайы бірқалыпты. Шақалақтардың күтіміне орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Ал сәбилердің денсаулығын учаскелік дәрігер бақылауында болады.

Гүнчигүл Мұхамет, үшемнің анасы:

Осы күнді көп күттім. 4 жыл күттім. Осы күнге жеткеніме шүкір. Өте бақыттымын.

Фархат Тайыпов, үшемнің әкесі:

Әйеліме рахмет 3 сәби сыйлап жатыр. Сәбилі бола берсін елдер. «Аңсаған сәби» бағдарламасымен сәбилі болып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу