«Дінмұхаммед Қонаев - халықаралық деңгейдегі тарихи тұлға. Ол Қазақстанды жаңа деңгейге көтерген кемеңгер басшы». Алматыда өткен жиынға қатысқан Түркия, Ресей мен Өзбекстан елдерінің ғалымдары осылай деді. Асқақ тұлғаның 110 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми конференцияда Дінмұхаммед Қонаевтың қызметі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, саяси және құқықтық көзқарастары туралы айтылды. Ғалымдар қайраткер туралы 100 ғылыми мақаладан тұратын арнайы жинақ шығаратынын тілге тиек етті.
Оразалы Сәбден, Қазақстан ғалымдар одағының президенті:
Қонаев - Қытайдың Дэн Сяпоин сияқты, Түркияның Кемел Паша Ататюрк сияқты халықаралық деңгейдегі көсем. Міне, Қонаевты осы тұрғырға қондырып, осы тұғырдан көру керек. Сонда қазақ мемлекетінің мәртебесі биік болады.