Батыс Қазақстан облысында чиптелмеген ит-мысық иелеріне айыппұл салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында чиптелмеген ит-мысық иелеріне айыппұл салына бастады

11.02.2022

Егер мониторинг кезінде чипі жоқ үй жануары анықталса, қожайыны 49 мың теңге төлеуі тиіс. Ветеринарлар бұған дейін 45 тұрғын осындай әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Егер чипі жоқ ит көшеде ауланса, бұралқы деп есептеліп, зертханаға жіберіледі. Ауру болса, көзі жойылады. Жергілікті билік ондай иттердің санын азайтудың бірден-бір жолы - чип салып, есепке алу дейді. Оның құны 500 теңге, ал маман үйге шақырылса, қызмет бағасы 1200-1700 теңге.


Хабарламаларға жазылу