Америка Құрама Штаттарында өткен айда тұтыну бағалары айтарлықтай өсті. Елде инфляция соңғы 40 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен. Бір жылда тұтыну бағаларының индексі 7,5 пайызға жетіп отыр. Азық-түлік бағасы 0,9 пайызға, электр энергиясы 4,2 пайызға қымбаттаған. Инфляцияның шарықтауына америкалықтардың жалақысының да айтарлықтай жоғарылауы себеп. Қалыптасқан жағдайға орай Федералдық резерв жүйесі наурыздың ортасында базалық мөлшерлемені бірден 0,5 пайызға көтеруі мүмкін.