Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шаңғымен 10 шақырымға классикалық әдіспен жарысудан әйелдер арасындағы дода аяқталды. Бәсекеге еліміздің атынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Ангелина Шурыга 52-ші, Ксения Шалыгина 53-ші, Надежда Степашкина 57-ші, Валерия Тюленева 59-шы орын алды. Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық Тереза Йохауг жеңіп алды. Ал, күміс және қола жүлде Финляндиялық шаңғышыларға бұйырды.