Алматы облысында өндірістік қалдық артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында өндірістік қалдық артып барады

10.02.2022

Алматы облысында өндірістік қалдықтар жылдан жылға артып барады. Былтыр өңірде 680 мың тоннадан астам өндірістік қалдық шығарылған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 28 пайызға көп. Негізінен мұндай қоқыс жылу энергетикалық кешендерде түзіледі. Себебі басым бөлігі қатты отын жағады. Сондықтан облыс экологтары 2025 жылға дейін өндірістік қалдықтарды азайтудың жол картасын құрастырып, ондағы іс-шараларды жүзеге асыра бастады. Ауа мен қоршаған ортаны ластамаудың бірден-бір жолы көгілдір отынға көшу дейді, сала мамандары.



Хабарламаларға жазылу