Қазақстанның қор нарығындағы сауда көлемі артқан. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қор нарығындағы сауда-саттығы былтыр 8 процентке өсіп, 14 трлн доллардан асқан.
Әсіресе мұнай өнімдері саудасынан түскен пайда көп. Ал ең ірі тауар биржаларындағы сауда-саттық 27 млрд долларға жетіп, 50%-ға көбейген. 2025 жылы стратегияда одаққа ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастыру жоспарланып отыр.