Трансшекаралық су мәселелерін реттеу қажет - Мұрат Бақтиярұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансшекаралық су мәселелерін реттеу қажет - Мұрат Бақтиярұлы

10.02.2022

Иә, бұл мәселені бүгін қолға алмаса, ертең кеш болады. Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу бойынша қабылдаған халықаралық шарттар мен міндеттемелер дұрыс орындалмай келеді. Бұл мәселені тез арада шешу керек. Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдаған сенатор Мұрат Бақтиярұлы осылай деді.

Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 
Үкімет басшысы ретінде су саясатын мықтап қолға алмасаңыз ертең кеш болады. Тиісті министрлік деңгейінде бұл мәселе шешілмейді. Ол үшін трансшекаралық су мәселелерінде Қазақстанның мүддесін бермеуіміз керек. Сондықтан су сағасында орналасқан елдерден судың мемлекетаралық келісімге сәйкес мөлшерін мемлекеттік деңгейде шешудің жолдарын тез арада қарастыру қажет. Ортақ су пайдалану мәселесін тиімді шешу үшін ол елдерге қатысты экономикалық тетіктерді де пайдаланған дұрыс деп есептейміз.


Хабарламаларға жазылу