Батыс Қазақстанда жаңа медициналық құрылғымен операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда жаңа медициналық құрылғымен операция жасалды

10.02.2022

Батыс Қазақстан облыстық ауруханасында омыртқаға жаңа рентген-хирургиялық құрылғымен операция жасалды. «С-доға» қондырғысы арқылы рентген кескінді анық әрі сапалы көруге, науқастың жағдайын тереңірек зерттеуге болады. Дәрігерлер омыртқа, жұлын ауруларының барлық түрін емдеуге мүмкіндік алды.

Енді науқастарға елордаға ат арылтпай-ақ, нейроохирургиялық күрделі операцияларды өңірде жасатуға болады. Бұл жолы биіктен құлап, өндірісте жарақат алған құрылысшының омыртқасына операция жасалды.

Бекежан Траисов, облыстық Көпбейінді аурухананың нейрохирург дәрігері:

Науқасты төменгі омыртқа жотасындағы ауырсынулар мазалады. Бұрын ота жасалса да, омыртқаның кей бөліктерінің ауыруы басылмапты. Сондықтан, жаңа қондырғы көмегімен тіліксіз ота жасалды. Рентген арқылы бақылап, науқастың жүріп-тұруына кедергі келтірген кемшін тұстарын анықтадық. Ота сәтті өтті.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу