Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы реформалары Қазақстанды жаһанға жаңа қырынан танытып, елдің әлемдік аренадағы абыройын арттырады. Еліміздегі ахуалды жіті бақылап отырған Еуропа сарапшылары осылай дейді. Айтуларынша, Қазақстан Президенті қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға басымдық беріп отыр. Сондай-ақ, еуропалық саясаткерлер жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін енгізу, шенеуніктердің санын қысқарту сынды тың өзгерістер, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып, бұқараның билікке деген сенімін күшейтеді деген пікірде.
Ипек Текдемир, саяси сарапшы:
Президент Тоқаевтың бастамаларды қолға алып, бейбіт процестерді жүзеге асыруды бастады. Соңғы мәлімдемесінде Президент ел азаматтарының құқықтарына басымдық беретінін қадап айтты. Бұл позитивті даму, оң қадам. Биліктегілер де халыққа берген бұрынғы уәделерін жүзеге асырып, міндеттерін тиісті деңгейде атқаруға тырысуда. Мұндай оң өзгерістерге қуаныштымыз. Қазақстан - Еуропалық Одақтың маңызды серіктесі. Сондықтан, біз Қазақстан мен Еуропалық Одақ қатынасының онан әрі нығаятынына сенімдіміз.
Франк Швальба-Хот, саяси сарапшы:
Президенттеріңіздің жасап жатқан жағымды өзгерістерін бақылап отырмын. 23 өзекті мәселені тізбектеп, оны шешу бойынша үкіметке нақты тапсырмалар бергеніне таң қалдым. Аймақтық саясатты, әкімшілік басқаруды ретке келтіру, қаржы, әлеуметтік, білім, әділет салаларындағы өршіл жоспарлары дамудың жаңа тарауын ашты. Жемқорлықпен күрес, басқа да қарапайым халықтың игілігіне бағытталған жобалардың енді сәтті жүзеге асырылатынынан үміттіміз.