Цифрлық майнинг заңнамалық тұрғыда реттеледі - Премьер-Министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық майнинг заңнамалық тұрғыда реттеледі - Премьер-Министр

10.02.2022

Цифрлық майнинг заңнамалық тұрғыда реттеледі. Президенттің тапсырмасы аясында Премьер-Министр арнайы кеңес өткізіп, цифрлық майнингті «көлеңкеден» шығару бойынша бірқатар түйткілді талқылады. Әлихан Смайыловтың сөзінше, 2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2% өссе, былтыр бұл көрсеткіш 6% асқан.

Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары деген Үкімет басшысы, елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында тиісті министрліктерге нақты тапсырмалар берді. Аталған қызмет лицензиялануы тиіс. Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.

Хабарламаларға жазылу