Алматыда бизнесі бүлінген 362 кәсіпкердің өтемақысы төленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бизнесі бүлінген 362 кәсіпкердің өтемақысы төленіп жатыр

10.02.2022

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесіне залал келген 362 кәсіпкердің өтемақысы төлене бастады. Соңғы бір тәулікте 102 азаматтың өтініші қабылданған. Арнайы комиссияның есебі бойынша 644 млн теңгенің өтемақысы төленеді. Демеу қаржыны қазір шығыны 5 млн теңгеден аспайтын шағын бизнес ұйымдары алып жатыр. Бүгінге дейін InfoKazakhstan электрондық базасына 2000-ға жуық кәсіпкер тіркелген. Олардың арасында құжаттарын бірнеше рет өткізгендер бар. «Сондықтан сараптама жұмыстарының қарқыны баяу жүріп жатыр»,-дейді тиісті мекеме өкілдері.

Қанат Сағындықов, қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:

Әлі де 1200 кәсіпкер бар. Олар енді құжаттарын жинастырып, InfoKazakhstan сайтына тіркеп, өтінім беруі керек. Бір айдың көлемінде барлығын қарастырып жұмысты атқаруымыз керек.


Хабарламаларға жазылу