Қылмыстық қудалау және жазаны орындау саласындағы адам құқықтары туралы отырыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық қудалау және жазаны орындау саласындағы адам құқықтары туралы отырыс өтті

10.02.2022

Қасіретті қаңтар оқиғасынан 225 адам қаза тапты. 4353 тұрғын зардап шекті. Қазір Бас прокуратураның жедел тергеу тобы 2700 істі тексеріп жатыр. Оның 45-і лаңкестік акті, 36-сы жаппай тәртіпсіздік және 15-і адам өлтіру бабы бойынша. Мәжілісте қылмыстық қудалау және жазаны орындау саласындағы адам құқықтары тақырыбында отырыс өтті.

Нысаналы Ығыл, тілші:

Президент тергеу әділ жүргізілуі үшін бүліктің себебін, ұйымдастырған кімдер және террористік актілерге қатысты істерді анықтауды Бас прокуратураға жүктеген. Соған орай аталған санаттағы және сол оқиғаға қатысты жайттың бәрі арнайы прокурорлар басқаратын ведомствоаралық тергеу тобына берілді. Жалпы, қазір Ішкі істер органдарында 2 жарым мыңнан аса қылмыстық іс тергелуде. Басым бөлігі тонау мен ұрлыққа қатысты. Осындай күдікпен уақытша ұстау изоляторына 893 адам жеткізіліп, 792-сі қамауға алынған. Ұсталғандардың кінәсі ұрланған, зақым келген мүлік түріндегі тәркіленген айғақтардың видео, фото материалдардың көмегімен дәлелденіп жатыр, деді сала вице-министрі. Бірақ прокуратураның мәліметінше, 12 қаңтарда кінәсіз 24 адам босатылған. Жалпы, 96 адам қамаудан шығарылған. Сондай-ақ енді прокурорлар бұрынғыдай сотқа дейінгі тергеу істеріне формалды түрде араласпайды. Яғни, бұған дейін тергеу материалдарымен істі сотқа жолдау алдында немесе іс тоқтатылған кезде танысатын. Олқылық орны қылмыстық процедуралардың үш буынды моделіне ауыстырылды. Содан бері қадағалаушы органның заң аясындағы мүмкіндігі артты, деп отыр.


Хабарламаларға жазылу