Бүгін Бейжің Олимпиадасында Қазақстан екі спорт түрінен өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Бейжің Олимпиадасында Қазақстан екі спорт түрінен өнер көрсетеді

10.02.2022

Бүгін Бейжің Олимпиадасының 7-ші күні. Қазақстан екі спорт түрінен өнер көрсетеді. Сағат 12.50-де әйелдер арасында өтетін 10 шақырымдық шаңғы жарысына Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Валерия Тюленева қатысады. Ал 16.55-те фристайл акробатикадан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмурзаева және Шерзод Хаширбаевтар қазақтың намысын қорғайды. Айта өтейік, Ақ Олимпиаданы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу