Мамандардың айтуынша, егер борышкердің 5 млн теңгеден аса берешегі болып, тұрақты табыс тапса, 5 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Алайда азаматта төменгі күн көріс деңгейіне шаққандағы 38 мың теңге қалуы керек. Ал төлем жүргізуге шамасы келмесе, екі жағдайда «банкрот» деп танылады. Біріншісі, 5 жылдан аса қарызын кешіктіргендер, соттан тыс «банкрот» деп есептеледі. Екіншісі, 12 ай бойы несиесін төлемегендер. Бұл жағдайда қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек. Сотпен банкрот деп танылған азаматтардың мүлкі аукционда сатылады. Егер жалғыз үйі кепілде тұрса, оны банк сот арқылы қайтарып алуға құқылы.