Ақсудағы тауарлы-сүт фермасында тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсудағы тауарлы-сүт фермасында тексеру басталды

09.02.2022

Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында орналасқан тауарлы-сүт фермасын құзырлы орындар тексеріп жатыр. Себебі, тұрғындар жағымсыз иіске шағымданған. Естеріңізге сала кетейік, шағын шаһар аумағында тауарлы-сүт фермасы салынғалы жергілікті жұртшылық әкімшілік табалдырығын әбден тоздырып, Президентке дейін ашық хат жазды. Бірақ облыс әкімінің пәрменімен былтыр құрылған комиссия жүздеген сауын сиыр тұрған фермадан айналаға тарайтындай иіс-қоңыс жоқ деген шешім шығарды. Мұнымен келіспеген тұрғындар жақында аймақ басшылығына өкілетті органдар тарапынан тексеру жүргізу жөнінде талап арыз жолдады.

Әйгерім Қабылтаева, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Тексеріс Экология департаменті, Санитарлы эпидемиологиялық басқарма және Ветеринарлық инспекциямен жүргізілуде. Тексеріс нәтижелері 10 күн аралығында шағымданушыларға және қоғамға жеткізілетін болады.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу