Туристік жолдамамен саяхаттайтын балалар ел ішінде тегін ұшады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Туристік жолдамамен саяхаттайтын балалар ел ішінде тегін ұшады

09.02.2022

Кәмелет жасқа толмаған балалар туристік оператор арқылы билет алып ел ішінде тегін ұшады. Сапарлаған отбасындағы балалардың билет құнын туристік операторға мемлекет өтейді. Ішкі туризмды дамыту үшін жасалған жобаға Қазақстан азаматтығын алмаған, бірақ біздің елде тұруға рұқсаты бар шетелдік отбасылар да қатыса алады. 2-17 жас аралығындағы балалар ұшақпен тегін ұшу үшін билет міндетті түрде туристік жолдама аясында алыну керек. Ал туристік компанияның ішкі турзим саласындағы лицензиясы болуы шарт. Ел ішінде барлық аумаққа шексіз саяхаттауға болады, тек кәмелет жасқа толмаған балалар жалғыз өздері жүре алмайды. Ата-анасымен бірге немесе сенімхат арқылы ата-әже, аға-әпкесімен ғана ұшуға рұқсат.

Ернұр Кенжебеков, «Kazakh turism» ҰҚ баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша 20 мың балаға өтеу есептелген. Оған 350 миилион теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Алайда, сұраныс көбейген сайын біз жыл барысында, бюджеттік заңнамаға сәйкес, тағы қаражат сұраймыз.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу