Көкшетауда үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда үшем дүниеге келді

09.02.2022

Көкшетауда үшем дүниеге келді. Бәрі - ұлдар. Оларға Кәрім, Әлім, Әлихан деген есімдер берілді. Шақалақтардың да, анасының да денсаулығы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында. Балалар біртіндеп салмақ жинап келеді. Туғанда екеуінің салмағы 2 килограмм 200 грамм болған, ал біреуі 2 келіден сәл ғана асқан. Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғыны Раушан осымен 4 төрт баланың анасы атанды. Бұл - биыл Ақмола облысында дүниеге келген алғашқы үшем.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу