Батыс Қазақстан облысына қарасты Подстепное ауылында септик құдығына түсіп кеткен бала құтқарылды. Жеті жасар ер бала ойнап жүріп, абайсызда жаңадан салынып жатқан үйдің ауласындағы шұңқырға құлап кеткен. Құтқарушылар баланы альпинист құрылғыларымен аман алып шықты. «Жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға жеткізілді. Әйтсе де, баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, бас сүйегі, миы соғылған, төбе сүйегі сынған. Құтқарушылар балаларға бас-көз боп, абай болуды ескертеді.
Ардақ Мұратқызы