Үй құрылысының шекті бағасы белгіленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үй құрылысының шекті бағасы белгіленеді

08.02.2022

Елде бұдан былай тұрғын үй құрылысының шекті бағасы бекітіледі. Бұл мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлерге қатысты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, құрылыста жобаның сметалық құнын негізсіз өсіруді азайту үшін «Онлайн калькулятор» дайындалған. Ол шекті бағаны автоматты есептеп береді. Елде «Е-Құрылыс» деп аталатын ақпараттық жүйе бар. Ол арқылы құрылыс басталған кезден, нысан пайдалануға берілгенге дейінгі процесті бақылауға болады. Жүйе орындалмаған жұмысты, аяқталмаған құрылысты қабылдамайды.


Хабарламаларға жазылу