Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады

08.02.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады. 10 ақпанда Мәскеуде екі ел басшылары келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын талқылайды. Ал 11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу