Қарағанды облысының Молодежный кентінде жылу мәселесі шешілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Молодежный кентінде жылу мәселесі шешілді

09.02.2022

Қарағанды облысының 6 жарым мыңнан астам халқы бар Молодежный кентінде жылу мәселесі түбегейлі шешілді. Бұл проблема бірнеше ай бұрын Ұлттық арнадан көтерілген болатын. Өткен қыста жылу қазандығындағы генератор істен шықты. Қосымша қондырғы болмағандықтан қақаған аязда үйлердің құбырлары қатып, жарылып та кеткен. Ал биыл жылу беру маусымы басталмай жатып қазандық пештерінің күлін шығаратын конвейері мүлдем жарамсыз болып қалды. Сөйтіп ол жұмыстар қолмен істелді. Кентке күздің қара суығында да жарытып жылу берілмеді. Екінші жылға созылған жылдудың жыры тұрғындардың наразылығын тудырды. Жұрттың жанайқайы тиісті жерге жетті. Бүгінде олқылықтар түгел жөнге келтірілген.

Бейімбет Бейсембеков, Молодежный кентінің әкімі:

Күл шығаратыны, одан басқа генераторы, одан басқа да 15 пештің механикалық бөлшектері түгел жаңартылды. Онымен қоса мемлекеттік мекемелердің бәрінде жылу жүйелері түгел жаңартылған. Бүгінгі күнде тұрақты жұмыс істеп тұр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу