Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде арматура таратқан 6 күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде арматура таратқан 6 күдікті ұсталды

08.02.2022

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде арматура таратқан 6 күдікті ұсталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, олар - 20 мен 24 жас аралығындағы 6 ер адам. Күдіктілердің Алматы мен Алматы облысы тұрғындары екені анықталды. Олар заңсыз әрекеттерге 5 қаңтар түнімен дайындалған. «Шаңырақ» ықшам ауданындағы үйлердің бірінде арматура бүліктерін кесіп, таратуға әзірлегенін мойындап отыр. Кейіннен полиция және әскери қызметкерлерге шабуыл жасалған кезде үлестірілген арматура екені белгілі болды. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.



Хабарламаларға жазылу