Байден ресейлік құбырды жабатынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден ресейлік құбырды жабатынын ескертті

08.02.2022

АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кіретін болса, оның Германияға газ тасымалдайтын «Солтүстік ағын-2» құбырын жабатынын ескертті. Мұндай мәлімдемені Ақ үй басшысы неміс канцлері Олаф Шольцпен Вашингтонда өткен баспасөз масхлихатында жасады.

Аталған құбыр Ресейдің көгілдір отынын Еуропаға Украинаны айналып өтіп жеткізуге тиіс.

Дегенмен, Мәскеу көрші елге соғыс ашуды жоспарлап отырмағанын мәлімдеп келеді. Шольц те Украинаға басқыншылық жасайтын болса, Ресейдің көп құн төлейтінін хабарлады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу