Ақтөбелік полицейлер 9 келі есірткі сақтаған тұрғынды ұстады.
Құқық қорғаушылар жедел алдын-алу шарасы барысында күдік тудырған 44 жастағы ер адамды тоқтатқан.Тексеру кезінде одан есірткі оралған 35 полэтилен пакеті табылды. Сараптама барысында оның 2 келіден астамы марихуана екені анықталды. Күдіктінің өзі мас күйде болған. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында тағы 7 келіден астам марихуанаға ұқсас зат тәркіленді. Есірткінің сомасы қара нарықта 3 млн теңгеден асады. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жақсыбек Кемал