Ақтаудағы демалыс кешеніне қатысты тексеру әлі басталған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы демалыс кешеніне қатысты тексеру әлі басталған жоқ

07.02.2022

Ақтауда Каспий теңізіне құбыр арқылы лас судың құйылып жатқаны туралы бейнежазба тарады. Ал, аталған құбыр «Rixos» қонақ үйінің аумағында орналасқан.

Осы мәселеге қатысты экологтар демалыс кешеніне жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін құзырлы органдардан рұқсат күтіп отыр. Тексеруге үкіметтік емес ұйым өкілдері, тәуелсіз экологтар мен мемлекеттік орган мамандары шақырылған.

Руслан Түкенов, облыстық Экология департаментінің басшысы:

Бұл жерде құбырдан су ағу фактісі айқындалған. Ол судың қандай дәрежеде лас, қай жерден шығып жатыр және де қандай көлемде не мақсатпен қойылған оның бәрін тексеру қорытындысымен айқындайтын боламыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу