XXIV Қысқы Олимпиада ойындары. Қазақстан спортшыларының 5 ақпан күнгі нәтижесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XXIV Қысқы Олимпиада ойындары. Қазақстан спортшыларының 5 ақпан күнгі нәтижесі

05.02.2022
XXIV Қысқы Олимпиада ойындары. Қазақстан спортшыларының 5 ақпан күнгі нәтижесі

Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық скиатлон жарысы:

Ксения Шалыгина 48-орын

Ангелина Шурыга 49-орын

 Валерия Тюленева 51-орын

 Надежда Степашкина 58-орын

Шаңғышылар 8 ақпан күні спринт жарысына қатысады.

Олимпиада чемпионы - норвегиялық Тереза Йохауг

Күміс - ресейлік Наталья Непряева

Қола - австриялық Тереза Штадлобер

Фристайл-могулдан Дмитрий Рейхерд үздік 12 спортшының қатарына кіріп, 9-орын алды.

Павел Колмаков екінші іріктеу кезеңінен өте алмады.

Олимпиада чемпионы - швед спортшысы Виктор Вальберг

Күміс - канадалық Микаэль Кингсбери

Қола - жапондық Икума Хорисима

Шорт-тректен Қазақстан командасы аралас эстафетада 5-орын иеленді. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан В финалында Нидерланд құрамасымен бәсекеге түсіп, мәре сызығын екінші болып кесті. А финалында Канада құрамасы жарыстан шеттетіліп, ұлттық құрама 5-орынға жайғасты.

Олимпиада чемпионы - Қытай құрамасы

2-орын - Италия құрамасы

3-орын - Венгрия құрамасы

Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов 1000 метрге қашықтықта жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.

Конькимен жүгіру

3000 метрлік қашықтықта Надежда Морозова 13-орында. Морозова 3000 метр қашықтықта Қазақстанның үздік нәтижесінің иесі атанды.

Олимпиада чемпионы - нидерландтық Ирен Шоутен

Күміс - италиялық Франческа Лоллобриджида

Қола - канадалық Изабель Вайдеман

Қазақстандық конькимен жүгірушілер Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 7 ақпан күні 1500 метрлік қашықтықта жарысқа қатысады.

Хабарламаларға жазылу