5 ақпанда жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 ақпанда жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

05.02.2022
5 ақпанда жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Олимпиада ойындарының төртінші күні жарыс жолына бірнеше отандасымыз шығады. Шаңғымен тұғырдан секіруен іріктеу кезеңінде Данил Васильев пен Сергей Ткаченко бақ сынайды. Жарыстың басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 11:10-да. «Qazaqstan» ұлттық арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымға шаңғы жарысында алғашқы Олимпиада жүлделері сарапқа салынады. Жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар - Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина, Ирина Быкова, Валерия Тюленева және Надежда Степашкина.  Жарысты 13:35-те «Qazaqstan» ұлттық арнасы көрсетеді.

Фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңінде Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд бақ сынайды. Могулшылардың жарысы 15:55-те «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сағат 19:15-те финалы өтеді.

16:55-те шорт-трек сайысына Әділ Ғалиахметов, Яна хан, Ольга Тихонова, Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қатысады. Тікелей трансляция «Хабар» арнасында жүреді. 




Хабарламаларға жазылу