Мемлекеттік хатшы қаңтар оқиғасына қатысты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат берді. Эфирге «Жаңа Қазақстан» атауымен шығатын арнайы сұхбатта Ерлан Қарин Алматыға шабуыл жасаған 20 мың террорист туралы көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді. Сондай-ақ сол күндері елде жаппай ғаламтордың бұғатталу себебін атады. Әкімдікті, әуежайды басып алса да, өз талаптарын айтпаған белгісіз топтар мен қаза тапқандардың мүрдесін ұрлап кеткендер туралы айтты.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:Терроризм ол идеология емес, терроризм бұл іс-әрекет. Яғни, белгілі бір күштердің белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған стратегиясы мен тәсілдер.
Сұхбатты журналист Мақсат Толықбай жүргізеді. Арнайы сұхбат «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан 5 ақпан 20:00-де эфирге шығады.