Батыс Қазақстан облысында 11 мектепте 18 сынып карантинге жабылды. Жыл басынан бері 855 баладан коронавирус анықталған. Оның ішінде барлық жастағы оқушылар бар. Бас санитар көбінің үйден ауру жұқтырып жатқанын айтады. Бірақ санитарлық талапты сақтамаған мектептер де анықталған.
Мұхамғали Арыспаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Карантиндік шараларды сақтау жөнінде санитарлық қадағалау басқармалары жоспардан тыс 20 тексеру жүргізілді. Облыс бойынша 2 мектепте санитарлық карантин талабын сақтамау анықталды. 91 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.