Шымкентте баласын саудаламақ болған ана 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте баласын саудаламақ болған ана 7 жылға сотталды

04.02.2022

Шымкентте сәбиін ақшаға сатқан көпбалалы ана 7 жылға сотталды. 32 жастағы келіншек таныстары арқылы жастан асқан баласын бір жарым миллион теңгеге саудаламақ болған. Қаржыдан қиналған жесір әйел бала асырап алуға ниетті адамдар табылған кезде бір миллион ақшаға да келісім берген.

Полиция қызметкерлері безбүйрек ананы ерлі-зайыптыларға баласын беріп, ақшасын алып жатқан сәтте қолға түсірді. Кейін белгілі болғандай, 4 баласын жалғыз асырай алмайтын болған соң, ол кенжесін босана сала перзентханада-ақ сатып жіберуге әрекеттенген. Төңірегіндегілер райынан қайтарғанымен, бір жарым жылдан кейін бастапқы ойын бәрібір жүзеге асырған. Саудаға түскен бала сот шешімімен әкесіне берілді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу