Еуропада «коронавирустық үзіліс» басталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада «коронавирустық үзіліс» басталуы мүмкін

04.02.2022

Еуропаны коронавируспен күресте ұзақ уақыт тыныштық күтіп тұрған секілді. Өйткені көктем жақындап келеді, «омикрон» штамы соншалықты ауыр емес болып шықты. Тұрғындардың көпшілігі вакцина алған. Мұны Копенгагенде өткен баспасөз маслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге мәлімдеді.

«Алдағы кезеңді тұрақты бейбітшілік әкелетін ковидтік ымыра немесе үзіліс деп қарастыруымыз керек», - дейді ол.

Бүгінде Еуропаның көптеген елдері карантиндік шектеулерді жеңілдетіп жатыр. Солардың ішінде Чехия, Швеция, Дания бар. Клюгенің сөзінше, өткен аптада Еуропада 12 миллиондай адам коронавирус жұқтырып, тарихи шегіне жеткен. Бірақ дәрігерлер бұдан өлім-жітім күрт көбейіп, әлем елдерінің денсаулық сақтау жүйелеріне салмақ түседі деп есептемейді.


Хабарламаларға жазылу