Ақтөбе облысында 100-ге жуық мал жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 100-ге жуық мал жанып кетті

04.02.2022

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округіне қарасты «Көлденең Темір» аулында жеке шаруа қожалығына тиесілі 100-ге жуық ірі қара мал жанып кетті.

Оқиға орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен техникалары жіберілді. Дегенмен қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Қожалық иесінің айтуынша, бірнеше техника да отқа оранып, жарамсыз болып қалған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу