Батыс Қазақстанда Алматыдағы сауда үйін тонаған күдікті ұсталды. Тінту кезінде оның ресейлік нөмірлі «ВАЗ-2110» көлігінен 23 ұялы телефон табылды.
Полицейлер күдіктінің 5 қаңтар күні Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде «Москва» сауда үйін тонауға қатысқанын айтады. Олардың дерегінше, ер адам 31 телефон, 3 ноутбук пен 3 планшет ұрлап кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.