Елдегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнес иелері 30 маусымға дейін жалдау ақысынан босатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнес иелері 30 маусымға дейін жалдау ақысынан босатылады

03.02.2022

Елдегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнес өкілдері 30 маусымға дейін ғимараттың жалдау ақысынан босатылады. Ұлттық экономика министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, мемлекеттік мүлікті жалға беру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Мұндай жеңілдік алу үшін бизнесі зардап шеккен кәсіпкер негізгі шартқа қосымша келісімшарт жасауы қажет. Бұйрық 5 қаңтардан бастап зақым келген нысандарға қатысты.


Хабарламаларға жазылу