Жамбыл облысындағы әкімдік ғимаратының 80 пайызы жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы әкімдік ғимаратының 80 пайызы жөнделді

03.02.2022

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген Жамбыл облысы әкімдігінің ғимараты 80 пайызға жөнделіп бітті. Сәуірдің соңына таман қираған ғимараттардың бәрі қалпына келтіріледі. Қазір, жөндеу жұмыстарына 7 мердігер жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр. 

Берік Ахметов облыстық әкімідікте шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді. Ғимараттың тазалығынан бастап, мұндағы мемлекетке тиесілі мүліктің есебі осы бөлімнің жауапкершілігінде. Бүлік кезінде бүлінген дүние көп, шығын шаш етектен болды деп қынжылады ол.

Берік Ахметов, шаруашылық меңгерушісі:
Аман қалған дүние суға батып, жарамсыз болып қалған. Шығын өте көп болды.

Жобалау институтының мамандары қираған нысандарға техникалық сараптама жүргізді. Облыстық әкімдіктің жетің жарым мың шаршы метр аумағы зақымданған. Ғимаратты бастан аяқ жөндеуге 1 млрд. 230 млн теңге жұмсалмақ. Жалпы облысқа келген шығын - 7.6 мрд теңге.

Смайл Көпжасаров, құрылысшы: 
Нысанның 50 пайызына зақым келген. 2, 5, 6 этаждар да зақымданған еді. Соның барлық жұмыстарын бітіріп, ішінің де жарты жұмысы бітті. Сыртының 80 пайызы аяқталды.

Қазір қираған ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарына бас-аяғы 600-ге жуық құрылысшы жұмылдырылған. Әкімдік ғимаратын 250 адам жөндеп жатыр. Маман тапшылығы жоқ.

Нұрдос Болатұлы, тілші:
Қаңтардағы тәртіпсіздік салдарынан облыс әкімдігі ғимаратынан бөлек, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімінің нысандары бүлінді. Сондай-ақ Шу ауданындағы «Nur Otan»  партиясы филиалы да қираған еді. 149 қызметтік автокөлік зақымданып, 4 бизнес нысанға шығын келген. Құрылысшылар қалпына келтіру жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізіп, ақпан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз дейді.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу