Алматыда 3 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, веложарыс өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарыс сағат 08:30-да әл-Фараби және Тәттімбет көшелерінің қиылысынан басталып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында аяқталады. Жеңімпаздарға естелік және бағалы сыйлықтар беріледі.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар шараға байланысты әл-Фараби және Тәттімбет көшелерінің қиылысынан бастап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына (әл-Фараби және Мұстафин көшесі)дейінгі аралықта көлік қозғалысында шектеу болатынын ескертеді.
Естеріңізге салайық, аталған веложарысты 26 сәуір күні өткізу жоспарланған еді. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты, шара кейінге шегерілді.