Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 23 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 23 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды

03.02.2022

Оңтүстік Кореяда соңғы 24 сағатта 23 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Бұл - қаңтардың 26-дағы көрсеткіштен 58 пайызға көп.

Пандемия күшейгендіктен, халықты ковидке байланысты тесттен өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Kakao Corp» және «SK Innovation» тәрізді ірі корпорациялар болса, өз қызметкерлеріне мерекелік күндерден кейін жұмысқа кіріспес бұрын, денсаулығын тексертуге шақырды. Өйткені «омикрон» штамының кесірінен елде инфекция қатты өршиді деген қауіп туындап отыр.

  Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу