Екі мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстар келер жылға шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстар келер жылға шегерілді

03.02.2022

Биыл екі мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді. Мұндай шешімнің қабылдануына көктемгі егін науқанының жақындап қалуы себеп болған. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Шаруаларға дизельдік отынды жөнелту осы ақпан айынан басталады. Биыл егін егу жұмыстары ерте басталатын оңтүстік өңірлерге 850 мың тонна сұйық отын бөлу жоспарланған.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жөндеу мерзімін 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылға жылжыту мәселесі бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ал Павлодардағы зауытты жөндеу мерзімін биылғы маусым айынан шілденің ортасына жылжыту көзделіп отыр. Яғни жөндеу жұмыстары көктемгі егіс аяқталғаннан кейін ғана жөндеуге жабылуы керек.


Хабарламаларға жазылу