Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған екі адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған екі адам ұсталды

03.02.2022

Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан екі адам ұсталды. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

Күдіктілерден қанша қару тәркіленді?

Қуан Нұрақын, тілші:

Қазір мегаполисте жаппай тәртіпсіздік кезінде тонауға қатысқан азаматтарды ұстау операциясы әлі жалғасуда. Соңғы кезде қолға түскен екі азаматтың бірінің үйін тінту кезінде аулаға көміп тастаған 6 дана атыс қаруы табылды. 35 жастағы азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын растайтын басқа да заттай айғақтар тәркіленген. Ал екінші күдіктінің жеті атыс қаруын ұрлап, Алматы халықаралық әуежайындағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Еске салайын, Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкендерінен 1400-ден аса қару қолды болған. Алматы полициясы заңсыз қару сақтағандарды өз еріктерімен тапсыруға шақырып отыр. Қаруды өз еркімен өткізгендер қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.


Хабарламаларға жазылу