Инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық емес салаларға бағытталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық емес салаларға бағытталды

03.02.2022

Экономиканың маңызды салаларына тартылған инвестициялардың басым бөлігі сәтті орындалды. Бұл Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысы кезінде капитал ағынының қамтылу жағын қарау кезінде белгілі болды.

 Инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық емес салаларға жұмсалған. Былтырғы көрсеткіш 2020 жылдан 7 жарымдай пайызға өскен. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарында тіркелді.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов «Лукойл» компаниясының басшысы Вагит Алекперовпен кездесті. Тараптар көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау төңірегіндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын талқылады.


Хабарламаларға жазылу