Премьер-министр геологиялық барлау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Елде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін шамамен 1 млн 324 мың шаршы шақырым алаң қарастырылған. Осы салаға инвестициялар тартылып, еліміздің барлық қолжетімді аумағын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда кен орындарын игеруге қатысты тиісті түрде орындалмаған 31 келісімшарт бұзылып, 101 лицензияның күші жойылды. Үкімет басшысы пайдаланылмайтын кен орындарының нақты тізбесін айқындап, тексеріс жұмыстарын тездетуді тапсырды.