Атырауда табиғи газ бағасы 39 пайызға арзандады. Бұл ел бойынша ең төменгі баға. Енді атыраулықтар 1 текше метр үшін 4,7 теңге төлейді.
Сондай-ақ, Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаменті ауызсуға тарифтің заңсыз көтерілгенін анықтады. Қазір монополистке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Келтірілген шығынды өтеу үшін жыл соңына дейін коммуналдық қызмет бағасы арзандайды.